Қоғам

Тоқаев Ақордада Павлодар облысының әкімін қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президентіне өңірде биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жайында баяндалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан президентіне Павлодар облысындағы биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жайында баяндалды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады.

"Жұмыспен қамту" жол картасы шеңберінде 227 жоба іске асты. Бүгінде оның 77 пайызы толық аяқталды. Қалған 23 пайызын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған", - деді облыс әкімі. 

Әбілқайыр Сқақов өңірдегі денсаулық сақтау саласы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайында айтты. Оның ішінде, коронавирус пандемиясын ауыздықтауға қатысты қабылдаған шараларды атап өтті. Аймақ басшысы бүгінде жағдай күрделі болғанымен, толық бақылауда тұрғанына, ауруханалар медициналық құралдармен жабдықталып, дәрі-дәрмек қорының жеткілікті екеніне тоқталды. Сонымен қатар 600 медицина қызметкерінің білімі жетілдірілген. Өңірде жаңадан 4 ПТР сынамасын алатын лаборатория ашылған. Облыста күніне 3 мыңға жуық ПТР сынамасы алынады.

Оқи отырыңыз: Күн энергиясы болашақта қуатты көзге айналады – Тоқаев 

Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысының республикадағы маңызды аймақтардың бірі екенін, өңірге жан-жақты қолдау көрсетілетін айтты. Президент облыс әкіміне халықты жұмыспен қамту жұмыстарын жалғастырып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын түсірмеуге байланысты бірқатар тапсырма берді.

Жаңалықтар
0