Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 9 адам қайтыс болды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы 128 400 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бірінші тамыздан бастап 41 595 адам пневмонияға шалдықты

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды. 
Қазір коронавирус инфекциясынан 11 571 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 710 бала бар. 

Стационарларда 3 198 науқас жатыр. 8 373 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 210 адамның жағдайы ауыр, ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 30 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 820 адам инфекция жұқтырды, 168 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 128 400 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 008 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 41 595 адам пневмонияға шалдықты, 434 адам көз жұмды.

 

Жаңалықтар
0