Қоғам

Президент стипендия мен гранттар туралы жақсы жаңалықты бөлісті

© Photo : vidhyarthidarpanСтуденты на занятиях
Студенты на занятиях  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде екі озық өңірлік жоғары оқу орны ашылады

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстандық студенттердің шәкіртақысы екі есеге өседі. Ал 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін грант саны 50 процентке артады. Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біз студенттерге материалдық қолдау көрсету ісін жалғастыра береміз. Студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттардың  стипендиясы 1,5 есеге көбейеді", -  Тоқаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезінде. 

Сонымен қатар, 2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін грант саны 50 процентке артады. 

"Бұл 75 мың студент жоғары білімді тегін алады деген сөз", деді мемлекет басшысы. 

Бұдан бөлек, айтуынша, 2025 жылға қарай колледждер мен университеттер жатақханаларындағы орындар саны кем дегенде 50 мыңға артады. 

"Педагог мамандарға сұранысты арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы екі есе көбейеді. Жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауы тиіс. Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде екі озық өңірлік жоғары оқу орны ашылады", деді президент.

Жаңалықтар
0