Қоғам

Тұрсынбек Қабатовқа қатысты даулы оқиға жалғасын тапты

© Photo : Пресс-служба управления культуры и спорта города АстаныТурсунбек Кабатов
Турсунбек Кабатов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін БАҚ-та Тұрсынбек Қабатовтың көлігімен кісі қағып кетті деген ақпарат тарады. Ұлынан айырылған ана істің әділ жүргізілмегенін айтқан болатын. Ал әзілкеш оқиғаға қатысты түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша — Sputnik. Бұған дейін адам қақты деген күдікке ілінген Тұрсынбек Қабатовтың көмекшісі тағы да көлік тізгініне отырды. Полиция оны мас күйінде көлік басқарып, жылдамдық асырғаны үшін ұстаған.

Ол белгілі әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқанованың 2019 жылғы Cadillac Escalade көлігін басқарған, деп хабарлайды "Көкшетау Азия".

"Қабатовтың көлігімен адам қақты"

2019 жылдың 13 қазанында Ақмола облысындағы елді мекен тас жолында жол апаты болды. Алған жарақат салдарынан 34 жастағы Ерлан Омарқұлов көз жұмды. 

Кейін көлік Тұрсынбек Қабатовқа тиесілі екені туралы ақпарат шықты. Алайда оқиға болған күні рөлде әзілкештің көмекшісі отырған. Кейін әзілкеш ақпаратқа түсініктеме берді.

Ол көмекшісі көлік сұрағанын айтты. Оның жүргізуші куәлігін бұған дейін көргендіктен, көлік кілтін берген.

"Сол жерде болмасам да, "көлік сенікі ғой" деп кінә тағып жатқандар болса, кешірім сұраймын. Бірақ көліктің ішінде болған емеспін. Сіздерге айтарым осы", – деді Тұрсынбек Қабатов.

Осы оқиға салдарынан ұлынан айырылған ана істің әділ жүргізілмегенін айтқан болатын.

Жаңалықтар
0