Қоғам

Елбасы Юрий Пяға қолдау көрсетуге уәде берді

© Photo : Елбасының ресми сайтыНұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады
Нұрсұлтан Назарбаев University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. "Назарбаев Университет" дербес білім беру ұйымы Жоғары қамқоршылар кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Нурсултан Назарбаев провел заседание политсовета партии Nur Otan  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Nur Otan" сайлау алдында берген уәделерінің басым бөлігін орындады – Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаевқа қордың заманауи медициналық білім беру, денсаулық сақтау және ғылыми-зерттеу қызметін дамыту бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат берілді.

"Қазіргі жағдайда медицина қызметкерлеріне үлкен салмақ түсіп, зор жауапкершілік артылып отыр. Сіз "University Medical Center" корпоративтік қорының басқарма төрағасы қызметіне кірістіңіз. Еліміздің жарқын болашағы жолында қызмет атқаратыныңызға сенімдімін. Біз сізге қолдау көрсетеміз", – деді Елбасы.

Жаңалықтар
0