Қоғам

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в защитном костюме в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в защитном костюме в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус инфекциясынан алты адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам көз жұмғаны хабарланды

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан алты адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан бір адам қайтыс болды. Қазір коронавирус инфекциясынан 11 218 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 650 бала бар. Стационарларда 3 289 науқас жатыр. 7 929 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 211 адамның жағдайы ауыр, ішінде 28 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 24 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 678 адам инфекция жұқтырды, 20 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 126 860 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 996 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 41 223 адам пневмонияға шалдықты, 428 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0