Қоғам

Қазақстанда елді мекендердің тек 24 проценті газбен қамтылған

© PhotoГазовая конфорка
Газовая конфорка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген

НҰР-СҰЛТАН, 24 қараша – Sputnik. Қазақстанда 6 мыңнан астам елді мекеннің тек 1468-іне газ тартылған. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Министр 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша газдандыру деңгейі 90%-тен асатын неғұрлым газдандырылған өңірлерді атады. 

Олар: Атырау облысы – 99,6%, Маңғыстау облысы – 99%, Алматы қаласы – 98,8%, Батыс Қазақстан облысы – 96,2%, Шымкент қаласы – 92,1% және Ақтөбе облысы – 90,1%.

"Жалпы, еліміздегі 6 162 елді мекеннің 1 468-і немесе елді мекендердің жалпы санының 24%-ы газдандырылған", - деді Ноғаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ, айтуынша, соңғы бес жылда 1 334 шақырым магистральдық газ құбырлары және 20 мың шақырымнан астам газ тарату желілері салынды.

Магистральдық газ құбырлары құрылысының өсуі 7%-ті, газ тарату желілері құрылысының өсуі 49%-ті құрады.

Биылғы жылдың қорытындысы бойынша газдандыру деңгейін 53,07%-ке жеткізу күтілуде, бұл 2015 жылғы деңгейден 10%-ке артық.

2015-2020 жылдар аралығында республикалық бюджет есебінен әкімдіктерге газдандыру шараларына 125 миллиард теңге нысаналы трансферт бөлінген, оның ішінде соңғы екі жылда 76 миллиард теңге бағытталды.

Жаңалықтар
0