Қоғам

Әлеуметтік төлем үшін қазақстандықтардың жеке дерегі жиналып жатқаны рас па

© Photo : Dean MoriartyСмартфон ұстаған адамдар
Смартфон ұстаған адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қазақстандықтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қоспағанын мәлімдеді.

Ведомство белгісіз адамдар азаматтарға әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-бот іске қосылғаны туралы ақпарат фейк екенін хабарлады.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды", - делінген хабарламада.

Министрлік қазақстандықтардан фейкке назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұрайды.

Ведомство жалған ақпарат тарату заңмен қудаланатынын еске салды.

Жаңалықтар
0