23:35 27 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD422.40
  • EUR502.78
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
204 0 0

Жас жігіт кешкі уақытта жасөспірімдерді аңдып, оларды пышақпен қорқытып, ұялы телефондарын тартып алған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында полицейлер жасөспірімдерді пышақпен қорқытып тонаған 27 жастағы жігіт ұсталды, деп хабарлайды қаланың полиция департаменті.

Екі қылмыс та Конституция көшесінде жасалған.

Полицияның ақпаратынша, ішімдік ішкен қала тұрғыны би үйірмесінен үйіне қайтып келе жатқан 10 жастағы екі қызды аңдыған. Кейін оларды пышақпен қорқытып, ата-анасына хабарласа тыныштық бермейтінін айтып, біреуінің ұялы телефонын тартып алған.

Сол күні кешке ол спорт секциясынан шыққан 14 жастағы оқушының да ұялы телефонын алып қойды.

Бұл фактілер жайлы полицияға балалардың ата-анасы хабар берді.

"Қылмыскерді іздеу үшін түр сипаты бойынша бағдар жасалып, полиция департаментінің жеке құрамына жолданды.  Іздеуге қатысқан учаскелік полиция инспекторы Нұржан Мұстафаев күдікті өзінің әкімшілік учаскесінде тұратын, бұрын қылмыстық жауапқа тартылған тұрғындардың бірі екенін анықтады. Ер адам тұрғылықты мекенжайында ұсталды. Пәтерден пышақ, сондай-ақ, ұрланған телефондар табылды", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр. Жас жігіттің бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

 

Загрузка...

Басты тақырып