16:19 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1832)
44 0 0

Қазір коронавирус инфекциясынан он бір мыңға жуық адам емделіп жатыр, олардың арасында бес жүзден астам бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 21 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте жеті адам коронавирустан, бір адам ковидтік пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте жеті адам коронавирустан, бір адам пневмониядан көз жұмды.

Жалпы өткен тәулікте 154 адамның ковидтік пневмонияға шалдыққаны анықталды. Бірінші тамыздан бері 41 002 адам пневмониямен ауырды, 425 науқас қайтыс болды.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда тағы 822 адам коронавирус жұқтырды

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір коронавирустық инфекциядан 10 838 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 511 бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр.  7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Дәрігерлердің айтуынша, 224 науқастың жағдайы ауыр, соның ішінде 24 адам хәл үстінде жатыр. 23 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1832)
Кілт сөздер:
коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып