Қоғам

Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневРуководитель департамента охраны общественного здоровья Астаны Садвакас Байгабулов
Руководитель  департамента охраны общественного здоровья Астаны  Садвакас Байгабулов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байғабылов Алматыға қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға өз үлесін қосу үшін келгенін айтты

АЛМАТЫ, 20 қараша – Sputnik. Сәдуақас Байғабылов көліктегі бас санитар дәрігер қызметінен кетті. Ол Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметіне тағайындады. Бұл туралы Сәдуақас Байғабыловтың өзі Sputnik Қазақстан тілшісіне айтып берді.

Ол Жандарбек Бекшиннің орынбасары лауазымын атқаруға 20 қарашадан бастап кіріседі.

"Иә, мен Алматыдамын. Бүгін жаңа қызметке тағайындады. Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысының бұйрығымен көліктегі бас санитар дәрігер қызметінен кеттім. Басшылық тарапынан менің жұмысыма шағым болған жоқ. Жұмыс айтарлықтай жоғары деңгейде жүргізілді деп айта аламын", – деді Сәдуақас Байғабылов.

Сондай-ақ, ол өзінің ведомство жұмысы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға үлес қосу үшін Алматыға жіберілгенін атап өтті.

Айта кетейік, Сәдуақас Байғабылов 2020 жылдың 31 наурызынан бастап көліктегі бас санитар дәрігер қызметін атқарды. Содан кейін бірнеше апта бойы Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылау департаменті басшысы лауазымында жұмыс істеді, кейін қайтадан бұрынғы қызметіне оралды.

Оқи отырыңыз: Сынақ мерзімінен өтпеді: Молдағасымова тағы да жұмыссыз қалды

Ал Байғабыловтың бұрынғы лауазымына әлі ешкім тағайындалған жоқ.

Жаңалықтар
0