Қоғам

Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

© REUTERS / AYMAN AL-SAHILIВрач в защитном костюме выходит из палаты интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врач в защитном костюме выходит из палаты интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір коронавирус инфекциясынан он мыңнан астам адам емделіп жатыр, екі жүзден аса науқастың жағдайы ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлайды Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Бір тәулікте 6 науқас COVID-19 инфекциясынан, бір пациент ковидтік пневмониядан көз жұмды.

Сондай-ақ, өткен тәулікте 791 адам вирус жұқтырса, 158 адам пневмонияға шалдықты.

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, қазір коронавирустан 10 435 адам ем қабылдауды жалғастыруда, олардың арасында 481 бала бар. Стационарларда 3 088 науқас жатыр. 7 347 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 220 адамның жағдайы ауыр, соның ішінде 26-сының хәлі мүшкіл. 21 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.

Жалпы 13 наурыздан бері республикада барлығы 123 888 адам індетке шалдықты, 1970 науқас қайтыс болды.

1 тамыздан бері 40 848 адам пневмониямен ауырды, 424 адам көз жұмды.

Жаңалықтар
0