Қоғам

Елбасы үш кездесу өткізді: ұлттық қауіпсіздік мәселесі сөз болды  

© Photo : сайт первого президентаНурсултан Назарбаев провел встречу с Асетом Исекешевым
Нурсултан Назарбаев провел встречу с Асетом Исекешевым - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Назарбаев күрделі эпидемиологиялық ахуал, әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында  ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қызметін үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті, президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешевті және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Елбасы Көлгіновпен кездесуде пандемия жағдайында халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен шағын және орта бизнес өкілдерін қорғаудың маңыздылығына назар аударды.

Ал қала басшысы білім беру, денсаулық сақтау, полиция, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері мен әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындарға арналған қолжетімді баспана құрылысының барысы туралы ақпарат ұсынды.

Сондай-ақ елорда әкімі Нұрсұлтан Назарбаевқа қаланың жол және инженерлік инфрақұрылымы, әлеуметтік жобалар, тұрғын үй алаптарын абаттандыру бағытында қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Оқи отырыңыз: Назарбаев праймеризге қатысты тапсырма берді 

Ал Елбасы Әсет Исекешевпен кездесуде күрделі эпидемиологиялық ахуал, әлемдік экономикалық дағдарыс пен аймақтық сын-қатерлер жағдайында  ұлттық қауіпсіздік жүйесінің қызметін үйлестіруді күшейту қажеттігін атап өтті.

Исекешев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының ұлттық қауіпсіздіктің, оның ішінде экономикалық, ақпараттық және әскери қауіпсіздіктің негізгі бағыттары бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы құқық қорғау жүйесін одан әрі дамыту және елдегі қылмыс деңгейін төмендету бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сонымен бірге Исекешев Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы және Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесулерінің нәтижелері туралы айтып берді. Аталған іс-шаралар аясында өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, терроризмге, есірткінің заңсыз айналымына, киберқауіпсіздік саласындағы қатерлерге қарсы күресті күшейту шаралары талқыланды.

Елбасы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовті те қабылдады.

Кездесу барысында Елбасыға пандемия жағдайында отандық бизнесті қолдау шаралары туралы мәлімет берілді.

Сонымен қатар Мырзахметов халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған топтары үшін дәрі-дәрмек пен медицина бұйымдарын шығаратын отандық өндірушілермен жүргізіліп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Сондай-ақ кездесуде халықты жұмыспен қамту, карантин шектеулерінен зардап шеккен шағын және микробизнес өкілдеріне қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

Жаңалықтар
0