17:25 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
54 0 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі толқулар, төңкерістер елдің тұтастығына сөзсіз әсер етеді деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті – Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство алдына бірқатар нақты міндеттер қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Президент қорғаныс министрлігінің басшылығын жаһандық масштабта да, жекелеген аймақтарда да күрт өзгеріп жатқан әлемдегі ахуалды жіті бақылап отыруға шақырды. Оның сөзінше, қазіргі қауіпсіздік архитектурасы дағдарысқа ұшыраған.

Мемлекет басшысы ішкі толқулар, төңкерістер елдің тұтастығына сөзсіз әсер етеді деп санайды. Оған Брест бітімінен бастап Қап тауындағы соңғы жағдайларға дейінгі тарихтың жаңа парақтары куә.

"Мұндай жағдайда мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының жалғыз кепілі – Қарулы күштер. Елімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұрған әскери қызметшілерді мемлекет әрдайым қолдайды. Президент және Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қорғаныс саласына ерекше көңіл бөлуді өз жұмысымның басым бағыты ретінде санаймын", – деді Тоқаев.

Жоғарғы Бас қолбасшы армияның әскери машығын ұдайы шыңдап отыру керек екенін айтты. Президент биыл өткен әскери жаттығуларда қазақстандық әскерилер жоғары дайындығын көрсетіп, бітімгерлік миссияларға қатысуға әзір екенін атап өтті.

Осыған орай қорғаныс министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2021 жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Қарулы күштерінің БҰҰ бітімгерлік операцияларына қатысуын кеңейту жөніндегі жол картасын әзірлеуді міндеттеді.

Тағы оқыңыз: Тоқаев әскери қызметшілерге берілетін төлем өсетінін мәлімдеді

Мемлекет басшысы өзінің тапсырмасымен Бейрут портындағы жарылыстың салдарын жою кезінде Ливан халқына көрсеткен көмегі үшін Қарулы күштердің әскери дәрігерлеріне ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, коронавируспен күрес кезінде өздеріне жүктелген жауапты міндетті абыроймен атқарған барлық әскери қызметшіге алғыс айтты.

Сонымен қатар, президент қазақстандық армияны ең озық цифрлық технологиялармен және құралдармен жабдықтаудың маңызды екенін ескертті. Бұл мәселені шешу үшін мемлекет басшысы қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары қызметін енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұдан бөлек, Тоқаев 2021 жылдың 1 қарашасына дейін Әскери бағыттағы біртұтас ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторын құруды тапсырды.

Мемлекет басшысы әскери құрылымдарды қазіргі сын-қатерлерді ескере отырып заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етудің бірқатар басымдығын атады. Президент әуе қорғанысын күшейту, әскер түрлері мен тектерінің радоиоэлектронды күрес элементтерін дамыту, әскердің жедел әрекет ету әлеуетін көтеру мақсатында әскери-транспорттық авиация паркін арттыру бағыттарына басымдық берді.

Тоқаев армия мемлекетіміздің тірегі, егемендіктің кепілі екенін және әрбір қазақстандық сарбаз бен сардар қастерлі Тәуелсіздігімізді күзетіп тұрғанын ұдайы есінде ұстауға тиіс екенін айтты.

Жиыннан кейін президент елдің Қарулы күштерінің құрамындағы радиоэлектронды күрес жүргізуге арналған заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтардың үлгілерімен танысты.

Тақырып бойынша

Әлемдік майнингтің шамамен 6 проценті Қазақстанда шоғырланған - Тоқаев
Тоқаев Қайрат Мәмиді қабылдады
Тоқаев ата-аналарды шыдамдылық танытуға шақырды
Тоқаев Бозжыра шатқалында қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырды
Кілт сөздер:
Қорғаныс министрлігі, Қарулы күштер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып