16:54 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
479 0 0

2018 және 2019 жылдары индустрия министрлігі Moston компаниясына Түркияға оқ-дәрі экспорттауға екі рет рұқсат бермеген

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. "Қазтехнология" компаниясы Түркияға қару мен оқ-дәрі жеткізген жоқ, деп мәлімдеді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Қазақстан мәлімдемесі

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Moston Engineering LTD халықаралық компаниясының Түркияға қару мен оқ-дәрі жөнелту туралы сұрауын қарастырды. Осыған байланысты "Қазтехнология" компаниясы (оқ-дәрі өндірісі, жарылғаш заттарды сақтаумен айналысады - Sputnik) Түркияға қару мен оқ-дәрі жеткізбегенін хабарлаймыз", - деді Sputnik Қазақстанға министрліктегілер. 

2018 және 2019 жылдары ведомство Moston компаниясына Түркияға оқ-дәрі экспорттауға екі рет рұқсат бермегені айтылып отыр.

2019 жылдың 1 наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін Moston компаниясымен әріптестік жүргізілмейді, деп сендірді министрлік.

Қазақстанда халықаралық заңнамаңа сүйене отырып,экспорттық бақылау жүйесі енгізілген. Ол әскери қақтығыстар эскалациясына әкеп соғу қаупі бар қару жеткізу тәуекелін жояды.

Оқ-дәріге қатысты жанжал

Бұған дейін армениялық Moston Engineering компаниясы қазақстандық оқ-дәріні Түркияға сатты деген күдікке ілінді. Бұл туралы Telegram каналдары жазды.

Қару сату туралы қауесет тарату – бұл ашық бұрмалау және өтірік, деп мәлімдеді Арменияның қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы.

Осындай мәлімдемені Moston Engineering қару-жарақ сату компаниясының басшысы Давид Галстян да жасады.  

Ол компания шынымен де 2014 жылдың сәуірінде Қазақстаннан түрлі калибрлі 200 миллион оқ-дәрі сатып алғанын айтты. Сатып алу процесі қазақстандық заңнамаға және халықаралық құқықтарға сәйкес өткен.

Оның айтуынша, ққ-дәрі бірнеше мемлекетке қайта сатылды, бірақ Түркияға сатылғаны туралы ақпарат – толық өтірік және бұрмалау.

Тақырып бойынша

Армения ер адамдардың елден кетуіне тыйым салып, Әзербайжанда интернет шектелді
Армения көлік сатып алған қазақстандықтарға ескерту жасады
Арменияда қазақстандық оқ-дәріге қатысты жанжал шықты
Әзербайжан мен Армения басшысы Қарабақтағы жағдайға байланысты Sputnik-ке сұқбат берді
Ресейлік журналистер Армения лидері Пашинянға сұрақ қойды
Кілт сөздер:
түсініктеме, жанжал, қару, Армения, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып