Қоғам

Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады

© REUTERS / NIAID-IRFВид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом
Вид на зараженную коронавирусом клетку под микроскопом - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық ғалымдар коронавирус инфекциясымен ауырған адамның ағзасында антидене жарты жылдан көп уақыт сақталатынын айтты

АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. АҚШ-тағы Ла Хойя иммунология институтының мамандары бірнеше ай зерттеу жүргізіп, Covid-19 инфекциясын жұқтырғандардың ағзасында иммунитет сегіз ай немесе одан да ұзақ уақыт сақталуы мүмкін екенін анықтады.

Зертеу барысында мамандар пандемия басталған кезде 19-81 жас аралығындағы коронавирус инфекциясының жеңіл түрімен ауырған 185 науқастың қан сынамасын бірнеше рет тексерді, деп хабарлады РИА Новости.

Содан кейін ғалымдар иммундық жүйенің төрт компонентін талдады: антиденелер, қажет болған жағдайда көп антидене шығаратын В жасушалары және Т жасушасының екі түрі.

Зерттеу нәтижесінде антидененің инфекция жұқтырғаннан кейін 6-8 айдан кейін де сақталатыны анықталды, алайда аздап төмендеу болады. Сонымен қатар Т жасушаларының ағзада баяу ыдырайтыны көрінген, ал В жасушаларының саны кенеттен өсіп кеткен.

Ғалымдардың айтуынша, бұл иммундық реакцияны толық және жан-жақты бағалауға мүмкіндік берген алғашқы зерттеу. Олар науқастың қанында антидене табылмаса да, В жасушалары иммундық жадты сақтайтынын айтты. Осылайша организм бірнеше жыл бойы коронавирусты "танитын" болады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ пен Канададан келген иммунологтар коронавирусқа қарсы антидене адам инфекция жұқтырғаннан кейін кемінде үш ай бойы сақталатынын айтты.

 

Жаңалықтар
0