20:09 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1165 0 0

Үш адам қамауға алынды. Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша тергеу басталды, деп хабарлады полиция

АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Алматыда пәтер ішінде есірткі зертханасын ашқандар ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz порталы.

Қазір полиция бұл іске қатысы бар 23, 24 және 26 жастағы үш жігітті ұстады.

Бастапқыда полиция Алматы көшелерінің бірінде ішінде екі жігіт болған Hyundai автокөлігін тоқтатқан. А. есімді айыпталушыны тінту кезінде қалтасынан "мефедрон" синтетикалық есірткісі бар түйіншек табылды.

"Күдіктілердің Жетісу ықшам ауданында пәтер ішінде дәрі дайындағаны анықталды. Олар есірткі заттарын дайындау үшін қолданылатын заттарды тоңазытқышта сақтаған. Үйдің ішінде бір бөлмеден ақ түсті ұнтақ тәрізді зат, полиэтилен пакеттер (өлшеп, орауға арналған), өсімдік тектес жасыл түсті ұнтақ тәрізді зат, қатпарлары бар шыны ыдыс, ақ түсті ұнтақ тәрізді зат тәркіленді", - деді Алматы қаласы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Ерлан Алмағамбетов.

Сонымен қатар "өндірушілер" химиялық қоспалар, синтетикалық есірткі заттарын өндіруге арналған әртүрлі құрам бөліктерді, екі магнитті араластырғышты, түрлі шыны ыдысты, желдеткішті, сондай-ақ екі майлы радиаторды сақтаған.

Үшінші күдікті жалдамалы пәтер ішінде ұсталды.

Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар меткатинон (мефедрон) психотроптық зат екені анықталды. Алынған шикізат пен дайын өнімнің жалпы салмағы – 10 келі.

Полицияның хабарлауынша, ұсталғандар қамауға алынды. Оларға қатысты қылмыстық кодекстің 297-бабы ("есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") бойынша тергеу басталды.

Тақырып бойынша

"Мені полицей өлтірді": қарағандылық әйелдің өлер алдындағы хаты табылды
Нұр-Сұлтанда жаяу жүргіншінің сөмкесінен 13 пакет есірткі табылды – видео
Жамбыл облысында есірткі тасымалдаған қылмыстық топ сотталды
Жұмыстан келе жатқан: Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді
Қазақстанда 1 миллиард теңгенің есірткі заты тәркіленді - ІІМ
Кілт сөздер:
видео, арнайы операция, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып