Қоғам

Келбетін өзгертіп, шетелге қашқан педофил 13 жылдан кейін ұсталды

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАрест подозреваемого, фото из архива
Арест подозреваемого, фото из архива - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адам он жылдан астам уақыт бойы қашып жүрген, осы уақыт аралығында сырт келбетін өзгерткен. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Он үш жыл бұрын педофилияға қатысы анықталған, бірақ елден қашып, сыртқы келбетін түбегейлі өзгерткен қазақстандық Калининградта ұсталды.

Қашқын қылмыскерді ұстау туралы Ресей ІІМ ресми өкілі Ирина Волк мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қылмыстық іздестіру қызметкерлері он жылдан астам уақыт бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. 2007 жылы ол кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр зорлық - зомбылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған", - деді Ирина Волк.

Оның айтуынша, қылмыс жасағаннан кейін жас жігіт сыртқы келбетін өзгертіп, Ресейдің батысына кеткен. Сол жылдан бері тіркеусіз жүріп, басқа адамның атымен өмір сүрген. Ол туысының құжатын қолданған болуы да мүмкін. Ер адамның тұрақты жұмысы болмаған, әртүрлі нысанда құрылыста жұмыс істеген.

Қылмыскерді әшкерелеуге арнайы сараптамалар, сондай-ақ суреттен педофилді таныған куәгерлер көмектесті. Қазір оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Жаңалықтар
0