23:59 27 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD422.40
  • EUR502.78
  • RUB5.59
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1814)
142 0 0

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елде 21 қарашадан бастап әрекет ететін жаңа шешімдер жиынтығын қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов төрағалық еткен ведомствоаралық комиссияның отырысында президенттің 16 қарашадағы тапсырмасы бойынша COVID-19 індетінің таралуына қарсы шаралар әзірленді.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша келесі шешімдер қабылданды:

  • Қоғамдық көліктің жұмысын басқа қызмет түрлерімен үйлестіру. "Жасыл аймақта" орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы апта ішінде сағат 23:00-ге дейін ұзартылады. "Сары аймақта" орналасқан өңірлерде қоғамдық көліктің жұмысы демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 23:00-ге дейін ұзартылады.
  • 21 қарашадан бастап қызметі келушілермен тікелей байланысты емес кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыс уақыты бойынша шектеулер алынып тасталады: авто-экспресс (тамақты өзімен бірге алып кету), көлік жуу, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу станциялары, тігін шеберханалары, тұрмыстық техника, аяқ киім, телефон, компьютер, сағат жөндеу, кір жуу және химиялық тазалау орталықтары.
  • 21 қарашаға дейін халықпен байланыс деңгейі төмен бизнес нысандарының қосымша тізімін дайындау тапсырылды.
  • 21 қарашаға дейін кәсіпкерлік субъектілерінің санитарлық заң бұзушылықтарын заң бұзушылықтың ауырлық дәрежесі бойынша (кішігірім, маңызды, өрескел) шектейтін нормативтік-құқықтық актіні қабылдау тапсырылды.
  • Қазақстан Республикасының және облыстардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларын шектеу іс-шаралары қолданысқа енгізілгенге дейін 3 күн бұрын қабылдау тапсырылды. Бұл бизнеске жаңа шектеулерге алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді.
  • COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны әзірлеуді және өндіруді бастауды жеделдету.
  • Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне он күн мерзімде қызыл аймақтан шығу үшін эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөнінде түбегейлі шаралар қабылдау қажет.
  • Денсаулық сақтау саласындағы статистикалық деректердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында COVID-19 бойынша ПТР зерттеулерін жүргізетін зертханалардың интеграциясын бір апта ішінде аяқтау тапсырылды.
  • 21 қарашаға дейін ауруханалардың реанимациялық бөлімшелерінің материалдық базасын тексеру, қажет болған жағдайда оларды толықтыру бойынша жедел шаралар қабылдау.
  • 21 қарашаға дейін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар резервін қалыптастыру бойынша өңірлердегі ахуалға мұқият мониторинг жұмыстарын жүргізу.
  • Биологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ҚР заң жобасын әзірлеуді оны парламент мәжілісіне енгізе отырып, келесі сессияның соңына дейін ұсыну.
  • Әскери госпитальдардағы төсек қорын қажетті жағдайда жедел өрістетуге толық әзірлікті қамтамасыз ету.

Кеңес қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары дәрілік заттардың бағасын төмендету, дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың бағасын реттеу, отандық маска өндірушілерді шикізатпен қамтамасыз ету кепілдендірілген тетіктерін айқындау және тағы басқа мәселелер бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1814)

Тақырып бойынша

Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды 
Түркістан облысында кезекті көкпар ұйымдастырушылар жауапқа тартылды
Мемлекет басшысы үкіметке жаппай карантиннің алдын алуды тапсырды
Ақмола облысының бас санитары карантин талаптарына өзгеріс енгізді
Облыстардың бірінде карантин күшейтілді – жаңа ереже
Шығыс Қазақстанда не болып жатыр
Кілт сөздер:
карантин, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып