Қоғам

Қазақстанда ипотека рәсімдеу тәртібі жеңілдейді – министр уәде берді

Жазылу
Қазіргі уақытта бюрократиялық процестерді автоматтандыруды көздейтін блокчейн технологиясы сынақ форматында қолданылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында премьер-министрге ипотеканы рәсімдеудің күрделі процесін блокчейн технологиясымен алмастыруға уәде берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Ипотекаға пәтер сатып алғанда кепіл тіркелуі тиіс. Ол үшін бүгінде банктен құжаттарды алып, оларды ХҚКО-ға ұсыну қажет. 3 жұмыс күнінен кейін ХҚКО-дағы құжаттарды қайтадан банкке кері қайтару керек. Содан кейін ғана ипотека беріледі", - деп жазды Мусин Facebook-тегі парақшасында.     

Ипотека рәсімдеу кезіндегі бюрократиялық мәселелерді шешу үшін министрлік Blockchain технологиясын қолдануға шешім қабылдады – ол барлық процесті автоматтандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда жүйе сынақ форматында іске қосылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда тұрғын үй қымбаттап жатыр

"Бұл ипотеканы рәсімдеу мерзімін қысқартып, клиент деректерін сақтайды. Мұндай жобалар басқа банктермен де іске асырылады және құрылыс компаниялары да осы технологияға қызығушылық танытып, процеске тартылады деп үміттенеміз", - деп атап өтті Мусин.

Сондай-ақ, министрлік автокөлікті сатып алу-сату процесін өзгертті. Енді сатып алушы ақшаны сатушының шотына аударғаннан кейін деректер базасында бірден автокөлік иесін өзгертуге болады.  

Жаңалықтар
0