Қоғам

Министр жүргізушілер үшін жақсы жаңалықты бөлісті

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мусиннің айтуынша, қазіргі таңда мемлекеттік тізілімде 700-ге жуық қызмет бар болса, олардың 85,5 проценті онлайн көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі автокөліктерді тіркеу процесін жеңілдетті. Енді сатып алушы көлік сататын адамның шотына ақша аударған кезде, көлік иесі автоматты түрде өзгереді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жыл сайын 3 миллионнан астам адам жүгінеді. Соның салдарынан үлкен кезек болып жатады.

"Азаматтар автокөлікті тіркеу қызметі онлайн болса да, ХҚКО-ға барып, бірнеше сағат уақытын жұмсайды. Біз осы мәселені талқыладық. Жаңа процесс бойынша сатып алушы көлікті сататын адамның шотына ақша аударғанда, көлік иесі автоматты түрде өзгереді. Дәл бүгін осы ыңғайлы сервисті пилоттық режимде Kaspi.kz мобильді қосымшасына шығардық", – деді ведомство басшысы Бағдат Мусин үкімет отырысында.

Ал кредитке алынған көліктерді тіркеу бойынша "Сбербанк" және "Халық банк"-пен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Осылайша, оның айтуынша, мамандандырылған ХҚКО-да тек жүргізуші куәлігін алу қызметі қалады. Өйткені автодромда емтихан тапсыру қажет. Қазіргі таңда автодромдар Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында ғана жоқ.

Оқи отырыңыз: Бағдат Мусин жалған iPhone туралы: "Керемет емес пе!"

Министр жылдан жылға элекронды қызметтер саны ұлғайып жатқанын атап өтті. Қазіргі таңда мемлекеттік тізілімде 700-ге жуық қызмет бар, олардың 85,5 проценті онлайн көрсетіледі. Цифрлық даму министрлігі бұл көрсеткішті 90 процентке дейін жеткізуді көздеп отыр.

Жаңалықтар
0