Қоғам

Тоқаев ата-аналарды шыдамдылық танытуға шақырды

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқыту нәтижесіне мониторинг жүргізіп, білім саласындағы олқылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдау керек, деп атап өтті мемлекет басшысы

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке білім сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.

"Ата-аналар шыдамдылық танытып, қазіргі ахуалға түсіністікпен қарауы керек. Осындай жағдай тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде қалыптасып отыр. Біз білім сапасының төмендеуіне жол бермеуіміз қажет", - деді Тоқаев коронавирус індетінің таралуына қарсы іс-қимыл шаралары жөніндегі кеңесте.

Ол оқыту нәтижесіне мониторинг жүргізіп, білім саласындағы олқылықтарды жою үшін уақтылы шаралар қабылдау керектігін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырғандарды жасыру деректері анықталды – президент 

"Үкіметке өңір әкімдерімен бірлесіп, шектеу шараларына қарамастан, білім сапасын бақылауды күшейтуді тапсырамын", – деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар
0