Қоғам

Назарбаев Джигарханянның отбасына көңіл айтты

© Sputnik / Фотохост-агентство / Медиабанкке өтуТұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет
Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Джигарханян өзінің таланты мен кәсіби шеберлігінің арқасында миллиондаған көрерменнің ыстық ықыласына бөленгенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 16 қараша – Sputnik. Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев КСРО халық әртісі Армен Джигарханянның қайтыс болуына байланысты туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Елбасы сайты.

Назарбаев көрнекті мәдениет қайраткері, актер Армен Джигарханянның қайтыс болғаны туралы хабарды күйзеліспен қабылдаған.

Елбасы Джигарханян бар ғұмырын өнерге арнап, өзінің таланты мен кәсіби шеберлігінің арқасында миллиондаған көрерменнің құрметі мен ыстық ықыласына бөленгенін атап өтті.

Ол әртістің жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Тағы оқыңыз: КСРО халық әртісі қайтыс болды

14 қараша күні КСРО халық әртісі Армен Джигарханян 86 жасқа қараған шағында дүниеден озды.

Актер 1935 жылы 3 қазанда Ереванда дүниеге келген.  Алғаш рет сахнаға 1955 жылы шықты. Бес жылдан кейін "Обвал" фильмінде жас жұмысшы Акопты сомдады. Ал Фрунзе Довлатяннің "Здравствуй, это я!", "Место встречи изменить нельзя" картиналарынан кейін танымал болды.

1996 жылдан бері Мәскеу драма театрының президенті әрі көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0