Қоғам

Коронавирус пен пневмония: бір тәулікте сегіз адам қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневСтанция скорой помощи в Нур-Султане
Станция скорой помощи в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта елде 8 627 адам коронавирустық инфекциядан ем қабылдап жатыр, олардың 437-сі бала

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.

Соңғы 24 сағатта елде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияны 199 адам жұқтырды, 69 адам емделіп шықты.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, пневмониядан бір адам, COVID-19 - дан жеті адам көз жұмды.

"14 қарашадағы жағдай бойынша  8 627 адам коронавирустан емделіп жатыр, олардың 437-сі бала. Стационарларда 3 001 науқас, амбулаторлық деңгейде 5 626 адам ем-дом алуда. 191 адамның жағдайы ауыр, 25  адам аса ауыр хәлде, 26 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған", - делінген хабарламада.

1 тамыздан бері пневмонияға шалдыққандар саны 39 923-ке жетті, 416 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29 485.

Шығыс Қазақстанда әлі де вирус жұқтыру көрсеткіші жоғары. Өткен тәулікте екі жүз елуге жуық адам дертке шалдықты.

Жаңалықтар
0