Қоғам

"Инфекция жұқтыру қаупі жоғары": COVID-19 қай кезде жылдам тарайды

© Photo : Рixabay/Mojca JJ Насморк
Насморк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аурудың белгілері көрінгеннен бастап 5-6 күн өткен соң, науқастан инфекция жұқпайды. Ал аурудың бастапқы кезеңінде ауаға таралатын вирустар өте көп

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Танымал тележүргізуші, педиатр-дәрігер Евгений Комаровский коронавирусқа шалдыққан адамның инфекцияны басқа біреуге жұқтыру қаупі қай кезде жоғары екенін айтты.

"Адамдар ауруға шалдыққанын сезеді. Осыдан, шамамен, екі күн бұрын олардан инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары болады. Бұл дегеніміз, вирус таратып жүрген науқас өзін сау адамдай сезінеді. Ал жөтел сияқты аурудың белгілері көріне бастағанда сыртқа шығатын вирустардың саны күрт төмендейді", - деді Комаровский YouTube-арнасында жариялаған видеосында. 

Оның айтуынша, аурудың белгілері көрінгеннен бастап 5-6 күн өткен соң, науқастан инфекция жұқпайды. Бұдан бөлек, ғалымдар коронавирустың сан алуан заттардың бетінде ұзақ сақталатынын және қол арқылы таралатынын айтқан. Алайда бұл инфекция таралуының негізгі жолы емес.   

"Иә, вирустың бөліктері кез келген жерде ұзақ уақыт бойы сақталуы мүмкін. Дегенмен, дәл осы вирустардың ауруды қоздыру мүмкіндігі төмен. Вирустар, көбінесе, ауа арқылы таралады. Бұл - инфекция таралуының негізгі жолы", - деп атап көрсетті Комаровский. 

Осы орайда дәрігер адам көп жиналатын жерде коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары екенін еске салды. Әсіресе, таза ауа аз жерде вентиляция болмаса, адам вирусты тез жұқтырады.

Жаңалықтар
0