Қоғам

Алматының қақ ортасында қарулы адам ұсталды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуПистолет
Пистолет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көк базар маңында өзімен бірге екі газ тапаншасы мен нөмірі өшірілген бір сигналдық тапанша алып жүрген ер адам тұтқындалды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша – Sputnik. Ұлттық ұлан сарбаздары Алматы қаласының көшелерін патрульдеу кезінде суыт жүріп, жасырынуға тырысқан ер адамды ұстады. Тінту кезінде күдіктінің қалтасынан бірден үш тапанша табылды.

Оқиға өткен сәрсенбі күні кешке, Көк базар маңында болған, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Жедел басқару орталығының кезекші бөліміне Медеу ауданындағы көшелердің бірінде қолында тапаншаға ұқсас қару ұстаған ер адамның көрінгені туралы хабарлама түсті. 5571 әскери бөлімінің әскери наряд кезекшісі Сабыржан Бейсен мен Қуаныш Торғаев бағдар алып, ер адам көрінген маңға шұғыл жетті", – деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұлттық ұлан жауынгерлері оқиға орынанан алыс емес жерде сипаттамаға ұқсас адамды кездестіргенде, ол ізін суытуға тырысқан. Дегенмен, оны тұтқындау көпке созылмады және Медеу ауданы полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы ер адамды куәгерлердің қатысуымен тексерді. 26 жасар азаматтың қалтасынан екі газ тапаншасы мен нөмірі өшірілген бір сигналдық тапанша табылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан Әзербайжанға қару жеткізді деген сыбысқа жауап берілді  

Қазіргі кезде тергеп, тексеруді жалғастыру мақсатында ұсталған адам полиция бөліміне жеткізілді.

Жаңалықтар
0