Қоғам

Оқу жылы басталғалы 800-ден аса қазақстандық оқушы вирус жұқтырды

© Sputnik / Sergei Pyatakov / Медиабанкке өтуДезинфекция класса школы No2127 в Москве в рамках подготовки школы к новому учебному году
Дезинфекция класса школы No2127 в Москве в рамках подготовки школы к новому учебному году - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы аптада тоғыз өңірде кезекші сыныптарға баратын алпыс екі оқушы вирус жұқтырғаны анықталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Қазақстанда жаңа оқу жылы басталғалы коронавирус жұқтырған 825 оқушы тіркелді. Бұл туралы денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Оқу жылы басталғалы індетке шалдыққан 825 оқушы тіркелді. Соның ішінде 261 жағдай кезекші сыныптарда оқитын балалар арасында, ал 564-і қашықтан оқитын оқушылар", - деді Қиясов қазіргі эпидемиологиялық жағдай және карантиндік шараларды күшейту туралы онлайн баспасөз мәслихатында. 

Айтуынша, соңғы аптада 9 өңірде кезекші сыныптарға баратын 62 оқушы вирус жұқтырған. 

Індетке шалдыққан балалардың дені Шығыс Қазақстан облысында –32 оқушы тіркелді. Павлодар облысында – 12, БҚО – 5, қалған өңірлерде бірлі-жарым жағдайлар.

Жаңалықтар
0