Қоғам

Мәжіліс сайлауы: Ресейдегі қазақстандықтар қайда дауыс береді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуВыборы президента Казахстана в посольстве Казахстана в РФ
Выборы президента Казахстана в посольстве Казахстана в РФ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сайлау учаскелері Ресей Федерациясының бес қаласында – Мәскеу, Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан, Омбыда ашылады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Ресейде жүрген Қазақстан азаматтары мәжіліс сайлауы кезінде елшілікте дауыс бере алады, онда №265 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Учаскенің жұмыс уақыты: Мәскеу уақытымен 07.00 - 20.00.

Сайлау учаскесінің мекенжайы: Мәскеу қаласы, Чистопрудный бульвары, 3 "А" (Қазақстан Республикасы елшілігінің ғимараты).

Оқи отырыңыз: Барлық 6 саяси партияға парламенттік сайлауға қатысуға рұқсат берілді - ОСК 

"Сайлаушылар тізіміне енгізу рәсімі үшін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшілігінде консулдық есепке тұруды ұсынамыз, егер сұрақ туындаса, жұмыс уақытында +7 (925) 897 71 14 сенім телефонына қоңырау шалуға болады (қосымша# 1)", - деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Facebook-те.

Мәскеуден бөлек, Қазақстанның бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде дауыс беруге болады:

Санкт-Петербург

Қазан

Астрахан

Омбы  

Сайлау учаскесіне барған кезде Қазақстан азаматының паспорты немесе жеке куәлігі болуы қажет.

Маска киіп, барынша әлеуметтік арақашықтықты сақтау ұсынылады.

10 қарашада Қазақстанда 2021 жылдың 10 қаңтарында өтетін мәжіліс сайлауына партиядан кандидат ұсыну кезеңі басталды.

Жаңалықтар
0