17:21 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Мәжіліс сайлауы (41)
175 0 0

Қоңыровтың пікірінше, әртүрлі идеологиялық ұстанымға ие кез-келген партияны парламенттік оппозиция деп атауға болады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Қазақстан коммунистік халық партиясы парламент мәжілісіне кіру үшін сайлау тосқауылы деп көрсетілген 7% еңсеретініне сенімді. Sputnik Қазақстанға бұл туралы ҚКХП орталық комитетінің хатшысы, "Халықтық коммунистер" фракциясының жетекшісі, мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров айтты.

"Біз үшін 7 пайыздық тосқауылдан өту мүлдем қиын емес. Біз парламенттен мүмкіндігінше көбірек орын аламыз деп үміттенеміз. Өйткені, бүкіл әлемде солшылдар өзекті болып табылады. Менің ойымша, Қазақстан да осыдан тыс қалмайды. Экономикалық жағдай қазір күрт нашарлап бара жатқанын ескерсек, адамдар неге олай болып жатыр деп ойлана бастайды", – деді Sputnik Қазақстанға ҚКХП-ның кезектен тыс XV съезінің алдында пікір білдірген Қоңыров.

Ол мұнайдан түсетін қаражат есебінен "әлеуметтік саланы" қолдауға болатын "майшелпек жылдар" келмеске кеткенін атап өтті.

"Қазір адамдар неге әлеуметтік сектор тиісті деңгейде ұсталмайды деп ойлайды. Іс жүзінде ол құрылымдық-бағдарланған болса да, үкімет неге біздің бюджетті әлеуметтік-бағдарлы деп жариялайды деген сынды сұрақтар көп. Сондықтан біз үшін дауыс беретіндердің саны артады деп ойлаймын. Біз олардың мүдделерін қорғап отырғанымызды түсінеді және сәйкесінше біз үшін дауыс береді", – деді депутат.

Сондай-ақ, Қоңыров Қазақстандағы қай партияны оппозицияға жатқызуға болады деген сауалды да жауапсыз қалдырмады.

"Менің ойымша, әртүрлі идеологиялық ұстанымға ие кез-келген партияны парламенттік оппозиция деп атауға болады. Бүгінгі таңда орталық Nur Otan партиясы мен "Ақ жол" – либералдар, олар бір платформада тұр. Қазақстандағы жалғыз оппозициялық партия – бұл біз. Бізде басқа идеология бар. Біз мемлекеттің барлық процестерді реттеуімен қатар, нарықтың да реттелуін қалаймыз", – деді Қоңыров.

Оқи отырыңыз: Орталық сайлау комиссиясы қазақстандықтарға үндеу жасады

Айта кетейік, Қазақстанда алты саяси партия тіркелген. Олардың барлығы сайлауалды съез өткізетін күнді нақтылады.

  • 11 қараша күні Нұр-Сұлтанда Қазақстан коммунистік халықтық партиясының съезі өтеді.
  • 18 қарашада "Ауыл" партиясының съезі өтеді. Нұр-Сұлтанда ұйымдастырылатын шараға қатысушылар депутаттыққа кандидаттардың тізімдерін, сондай-ақ партияның сайлауалды тұғырнамасын бекітеді.
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) съезі 27 қараша күні Нұр-Сұлтанда өтеді.
  • "Адал" партиясының (бұрынғы "Бірлік") басқосуы 16 қарашада Нұр-Сұлтанда өтетіні жоспарланған.
  • "Ақ жол" партиясының сайлау алдындағы съезі 20 қарашада өтеді.
  • Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті, Nur Otan төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның кезектен тыс ХХ съезін өткізу туралы жарлыққа қол қойғаны белгілі болды. Ол 2020 жылдың 25 қарашасында өтеді.
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы (41)

Тақырып бойынша

"Қорықпау керек": мәжіліс сайлау туралы заңға өзгерістер енгізді
Сенат сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды қабылдады
Сарапшылар ауыл әкімін сайлау кезінде қандай қиындықтар болуы мүмкін екенін айтты
Сайлау комиссиясында жұмыс істейтіндер қанша жалақы алады
Мәжіліс сайлауы: Қазақстанның әскери бөлімдерінде сайлау учаскелері ашылады
Кілт сөздер:
сайлау, Айқын Қоңыров
Загрузка...

Басты тақырып