Қоғам

Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Юсупов осы кезге дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қазынашылық басшысы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры болып жұмыс істеді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Мейіржан Юсупов ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.

"Қазақстан үкіметінің қаулысымен ұлттық экономика вице-министрі қызметіне Мейіржан Юсупов тағайындалды", – делінген хабарламада.

Мейіржан Юсупов туралы не білеміз?

Ол 1979 жылы 4 қазанда туған.

2001 жылы Middle East Technical University-ді "Экономика және басқару" мамандығы бойынша, 2004 жылы Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ді, 2007 жылы Лондон экономика мектебін, 2015 жылы Гарвард басқару мектебін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2001 жылы "Туркуаз" компаниялар тобы" АҚ директорының орынбасары лауазымынан бастаған. Кейіннен "Демир Қазақстан Банк" АҚ-да, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ қорында жұмыс істеген.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық вице-министр тұрғынды өлім аузынан алып қалды

2010 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ қазынашылық басшысы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры болып жұмыс істеді.

Жаңалықтар
0