НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал музыкант Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Суыт хабарды Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық ұлттық аспаптар оркестрінің баспасөз қызметі растады.
"Иә, растаймыз. 7 қараша, сенбі күні ауырып қайтыс болды. Қоштасу рәсімі кеше Алматыда өтті", - деді баспасөз қызметінен Sputnik Қазақстанға.
Еркебұлан Саламатұлы Мүсіреп Қостанай облысында 1946 жылы 5 мамырда дүниеге келген.
Белгілі музыкант, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2003), "Құрмет" орденінің иегері.
Жиырма жылдан астам уақыт Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрін басқарды.
Құрманғазы оркестрі туралы кітаптардың авторы.
"Гүлдер" республикалық ансамблінің директоры, "Қазақконцерт" директорының орынбасары болған.