Қоғам

Қазақстанда ПТР-тест пен бетперде бағасы төмендеді

© Sputnik / Абзал КалиевБетперде таққан қыз
Бетперде таққан қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәсіпкерлермен келісім жасау нәтижесінде ПТР-тест бағасы екі есеге – 18 мыңнан 9 мыңға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Қазақстанда зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттік президенттің тапсырмасымен зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізген.

"Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000 теңгеден 9 000 теңгеге дейін төмендетілді. "Олимп" КДЗ" ЖШС және "Инвиво" ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын баға белгіледі, "Сұңқар" ЖШС және "Әйгерім" ЖШС-ның  жекелеген зертханалары бағаны 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті", - делінген ведомствоның ресми сайтында.

Сонымен қатар, медициналық маскалар да біршама арзандады.

Өндірушілер бағаны бір данасына орта есеппен 21 теңгеге дейін түсірген,  дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы 20 теңгеден 3 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша бір бетперденің бағасы орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге дейін төмендетілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте ПТР-тест пен бетперде бағасын төмендетуді тапсырған еді.

Жаңалықтар
0