Қоғам

Тоқаев қорғаныс министрлігінің әскери алқасын жинауды тапсырды

© Sputnik / Абзал КалиевМужчины идут по дороге на фоне Акорды, Байтерека и комплекса зданий госорганов
Мужчины идут по дороге на фоне Акорды, Байтерека и комплекса зданий госорганов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғаныс министрі халықаралық әскери ынтымақтастық пен бітімгершілік іс-қимылдарына қатысты ақпаратты бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрін қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Нұрлан Ермекбаев президентке қарулы күштерін дамытудың негізгі бағыттары туралы баяндап берді. Қазіргі әскери қақтығыстардың тәжірибесі де сөз болды.

"Кездесу кезінде Қазақстан армиясының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жетілдірудің перспективалары және әскерді ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары сияқты заманауи қару-жарақ түрлерімен жабдықтау мәселелері қарастырылды", - делінген ресми хабарламада. 

Сондай-ақ, қорғаныс министрі халықаралық әскери ынтымақтастық пен бітімгершілік іс-қимылдарына қатысты ақпаратты да бөлісті. Әскери қызметшілердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды сапалы киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстары да талқыланды.

Жоғарғы Бас қолбасшы талқыланған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, Қорғаныс министрлігінің әскери алқа отырысын ұйымдастыруға тапсырма берді. Жиында 2020 жылғы әскери дайындықтың қорытындылары жасалып, алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер айқындалады.

Жаңалықтар
0