Қоғам

Қазақстанда жаңа телеарна ашылды

© Sputnik / Владислав ВодневТеледидар пульті
Теледидар пульті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Телеарнадан діни сарындағы хабарлар мен сұқбаттар, салт-дәстүрден мағлұмат беретін бағдарламалар көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Алматыда "Халық арна" телеарнасының ашылу салтанаты өтті.

Жаңа арна Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының базасында құрылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Телевизиялық арнаның салтанатты рәсіміне діни басқарма өкілдері мен елге белгілі қоғам қайраткерлері қатысты.

"Мақсатымыз  – біздің ата-баба дәстүрін, салтымызды, дінімізді сабақтастыра отырып, халқымызға имандылықты насихаттау, салт-дәстүрімізді насихаттау. Еліміздің ынтымағын, бірлігін насихаттау үшін осындай ниет қылып, осы телеарнаны аштық. Аты айтып тұрғандай, халық деген  –  ол Алланың бір аты. Халыққа қызмет ететін арна болады", – деді ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Алдағы уақытта телеарнадан діни сарындағы хабарлар мен сұқбаттар, салт-дәстүрден мағлұмат беретін бағдарламалар көрсетіледі. Ал, көрермендер бұл телеарнаны "Отау тв" мен "Алма тв" кабельдік желілерінен тамашалай алады.

Тағы оқыңыз: Мұхамеджан Тазабеков діни сеніміне қатысты шындықты айтты – видео

"Біз бұл арнада дәстүрлі құндылықтар мен діннің қайнарларын байланыстыру арқылы, соны ұштастыру арқылы қоғамға ақпарат таратуды негізге алып отырмыз. Жаңалықтар топтамасынан апталық әзірге "Мүфтият тынысы" деген бағдарлама бар. Ол жерде бір апта көлемінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төңірегінде жасалған жұмыстарды жаңалық ретінде қоғамға таныстыру мақсатында ұсынады", – деді "Халық арна" телеарнасының директоры Нұржан Таласұлы.

Телеарна бүкіл республика бойынша қазақ және орыс тілдерінде хабар таратады.

Жаңалықтар
0