Қоғам

Вирусолог коронавирусты қайта жұқтыруға әсер ететін факторды атады

© Photo : Рixabay/ Anastasia GeppКашель
Кашель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адам коронавирусты қайта жұқтыруы мүмкін, бірақ ол сирек кездесетін жағдай, дейді маман

АЛМАТЫ, 5 қараша - Sputnik. Вирусолог, Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ғылыми орталығының профессоры Анатолий Альтштейн адамның COVID-19 вирусын қайтадан жұқтыру ықтималдылығы және оның неге байланысты болатындығы туралы айтты.

Коронавирустан негізгі қорғаныс - адамның табиғи иммунитеті, дейді Альтштейн Sputnik радиосына берген сұқбатында.

Оның айтуынша, алғаш рет инфекция жұқтырғаннан кейін ағзаның COVID-19-ға қарсы иммунитеті күшейеді, бірақ бұл әрдайым бола бермейтін жағдай. Сол себепті вирусолог бұған дейін вируспен ауырып шыққан адамдардың өз денсаулығына мұқият қарауға, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға назар аударуға және басқалармен бірдей дәрежеде сақтық шараларын сақтап жүруге шақырады.

"Адам коронавируске қайтадан шалдығуы әбден мүмкін. Әйтсе де, бұл вирусты алғаш рет жұқтырғанмен салыстырғанда, сирек кездесетін жағдай. Сондықтан бұған дейін коронавируспен ауырып шыққан адам басқалар сияқты үнемі сақтық шараларын сақтап жүруі қажет. Оның үстіне инфекцияны қайта жұқтыру фактісі сирек кездескен күннің өзінде, адам оған екінші рет шалдыққанда оның салдары біріншісіне қарағанда ауыр болуы мүмкін", - деп түсіндірді вирусолог.

Болашақта адамның инфекцияны қайтадан жұқтыру ықтималдығын ол вируске алғаш рет шалдыққан кезде білуге болады. Анатолий Альтштейннің пікірінше, мұндай бағалау жүргізуге иммунитеттің вирусқа алғаш рет қалай реакция танытуы негіз бола алады.

"Егер вирусты алғаш жұқтыру кезінде иммунитет өте әлсіз болса, онда адам қайтадан ауырып қалуы ықтимал. Короновирустың симптомсыз түрімен ауырғандар да екінші рет вирус жұқтыруы әбден мүмкін", - деп түйіндеді өз сөзін вирусолог.

Альштейн коронавирусты қайта жұқтырған жағдайда адам қатты ауыруы мүмкін бе деген сауалға нақты жауап бере алмайтынын айтты. Өйткені бұл мәселе әлі жете зерттелген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда инфекцияны қайтадан жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Қарағанды тұрғыны шілде мен қазан айларында коронавируске екі рет шалдыққан.

Оқи отырыңыз: Бетперденің қай жағын сыртқа қарату қажет?

 

Жаңалықтар
0