Қоғам

Білім министрлігі оқушылардың неше күн демалатынын нақтылады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоОсень в Алматы 2017
Осень в Алматы 2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, мектеп оқушылары үшін биылғы күзгі демалыс он күнге созылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Оқушылар үшін 2020 жылғы күзгі демалыс өткен жылмен салыстырғанда бірнеше күнге ұзара түсті.

"Оқушылардың күзгі демалысы он күн. Қарашаның 5-нен 14-не дейін жалғасады", – делінген министрлік хабарламасында.

Былтыр күзгі демалыс 28 қазанда басталып, 3 қарашада аяқталған.

Жалпы, биылғы демалыс күндеріне байланысты хабарламалар мессенджерлерде жиі таралуда. Мұның басты себебі коронавирустық пандемия болды.

Айта кетейік, Қазақстанда мектеп оқушылары қашықтан білім алуда. Ата-аналардың қалауы бойынша кезекші сыныптарда тек бастауыш сынып оқушылары оқиды. Сондай-ақ, дәстүрлі білім беру шағын жинақты мектептерде ғана сақталды.

Оқи отырыңыз: Мұғалім білім беру жүйесін сынға алды: Тоқаев мәселенің басын ашуды тапсырды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, оқу жылының басынан бері Қазақстанда мектеп оқушылары арасында коронавирустық инфекцияның 104 жағдайы тіркелді. Оның ішінде кезекші сыныптарда оқитын 33 бала бар.

Жаңалықтар
0