Қоғам

Қазақстанда учаскелік инспекторға жаңа құқық беріледі

© Sputnik / Владислав ВодневДома, закрытые на карантин по улице Абылайхана
Дома, закрытые на карантин по улице Абылайхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрінің айтуынша, 2021 жылдан бастап құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысы көбейеді

АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанда тұрмыстық салада учаскелік инспектордың өкілеті кеңейтіледі. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Заң жүзінде учаскелік инспекторларға құқық бұзушыға өз бетінше тыйым салу мен шектеу қою құқығын беру көзделіп отыр. Мысалы, жанжал шығарушының құқық бұзушылық жасау қаупі төнген жағдайда оны тұрғын үйден шығарып жіберу, полиция құзіретіне сүйеніп және әкімшілік учаске шеңберінде құқық бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығару құқығы беріледі", – деді ішкі істер министрі.

Сонымен қатар учаскелік инспектор шешім қабылдап, жаза қолдана алатын баптардың тізбесін кеңейту көзделіп отыр.

Министрдің айтуынша, учаскелік инспекторлардың саны да артады.

"Учаскелік инспектор лауазымын атқару мерзімі бес жылдан кем емес уақыт деп бекітілді. Бұл өте маңызды болып табылады. Өз учаскесін және оның тұрғындарын жақсы білетін, азаматтар сенетін тәжірибелі қызметкер ғана олардың қауіпсіздігіне қатысты мәселені тиімді түрде шеше алады. Сондай-ақ, кері байланыс болу керек. Яғни, тұрғындар учаскелік инспекторға көмек көрсетуі керек", – деді министр.

Келер жылы жалақы көтеріледі

Сонымен қатар ішкі істер министрі 2021 жылдан бастап құқық қорғау қызметкерлерінің жалақысы артатынын айтты.

"Мемлекет басшысы үкіметке полиция қызметкерлерінің жалақысын көбейту туралы тапсырма берді. Келесі жылдан бастап жалақы көтеріледі. Сонымен қатар үйді жалға алу үшін өтемақы алатындар саны өседі. Себебі полиция қызметкерлері өз ісіне адал, тұрақты, қарапайым азаматтарға көмек беруі үшін материалдық жағдайы дұрыс болуы тиіс. Сонда ғана олардан нақты жұмысты талап ете аламыз", – деді Тұрғымбаев.

Айта кетейік, 29 қазанда мемлекет басшысы ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында учаскелік инспекторлардың азаматтардың өмір сапасын арттыруда басты тұлға екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Полицей құрметіне: Виталий мен Виолетта баласының есімін Нұрбол деп қойды

"Учаскелік инспектор – белгілі бір аумақтағы қылмысты болдырмауда, жергілікті халықтың мәселелерін шешуде, қылмыстың тікелей немесе жанама түрде алдын алуда, азаматтардың өмір сапасын арттыруда басты тұлға саналады. Халықпен ашық диалог жүргізу керек. Олардың жергілікті полициядан не күтетінін біліп, көмек керек кезінде қасынан табылуы қажет. Отандастарымыздың сеніміне басқаша ие болу мүмкін емес", – деді Тоқаев.

Сонымен қатар мемлекет басшысы тәртіп сақшыларының азаматтарға үлгі болуы керек екенін айтты.

Жаңалықтар
0