Қоғам

Әр отбасы үшін үлкен трагедия – карантин кезінде қандай қылмыс көбейді

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жағдайды дұрыстау үшін профилактикалық шаралар күшейіп, есепте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізілген

АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Қазақстанда карантин кезінде мас күйде адам өлтіру мен жасөспірімді зорлау қылмысы артқан. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тұрғымбаевтың айтуынша, Қазақстанда тоғыз айда қылмыс саны 37%-ке азайды. Ауыр қылмыстардың ішінде денсаулыққа зиян келтіру 12%, зорлық 39%, қарақшылық 52%, тонау 50%, бұзақылық фактілер 45%-ке азайған.

"Жасөспірімдер арасындағы қылмыс азайды. Көшеде жасалатын қылмыс 51%-ке, мас күйінде жасалатын қылмыс 16%-ке азайып отыр. Қылмыстарды ашу көрсеткіші жақсарды. Ауыр қылмыстардың 64%-і, аса ауыр қылмыстырадың 94%-і ашылды", - деді ішкі істер министрі.

Сонымен қатар министр карантин кезінде үйде алкогольдік ішімдік ішу фактілері көбейгенін айтты. Нәтижесінде тұрмыстық қылмыстың саны өсті. Ішімдік салдарынан адам өлтіру 12%-ке, жасөспірімдерге қатысты зорлау фактілері 19%-ке артқан.

"Көп жағдайда жәберленушінің жақын танысы немесе туысы зорлағаны анықталып отыр. Олар – әкесі, өгей әкесі, көршісі немесе таныстары. Мұндай жағдай әр отбасы үшін үлкен трагедия, баланың тағдырына балта шабу", - деді Тұрғымбаев.

Айтуынша, жағдайды дұрыстау үшін профилактикалық шаралар күшейіп, есепте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізілді.

Айта кетейік, Қазақстанда 2020 жылдың қыркүйегінен бастап балалар мен ересектер үшін отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері бойынша "111 шұғыл қызмет" байланыс орталығы қайта іске қосылады. Қоңыраулар тәулік бойы қабылданады, барлық өтініш қатаң құпия сақталады.

Сонымен қатар балалар мен жастарға арналған "150" ұлттық сенім телефоны жұмыс істейді.

 

Жаңалықтар
0