01:46 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
7588 0 0

Пандемияға қарсы күреске тартылған тәртіп сақшыларына сыйақы төлеу үшін жыл соңына дейін тағы да 11,5 миллиард теңге бөлінеді  

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Алдағы үш жылда қазақстандық полицейлердің жалақысы 30%-ке өседі. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ішкі істер министрінің кеңейтілген алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы ІІМ жүйесінде ұзақ жылдар бойы жалақы төмен деңгейде екенін айтты. Осыған байланысты Тоқаев үкіметке үш жыл ішінде тәртіп сақшыларының еңбекақысын 30 процентке көтеруді тапсырды.

Сонымен қатар, президент штат құрамына жан-жақты қолдау көрсету негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті. Айтуынша, полицейлерге баспана жалдауға өтемақы ретінде жыл сайын 15 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді.

"Келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы мақсаттарға қосымша 10 миллиард теңге бөлінеді. Бұл шара аясында кезекші бөлімнің қызметкерлері, қарауыл қызметі, арнайы күзет ұйымдары, ведомстволық оқу мекемелері және қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қамтылып, жалпы 8 мың адамға қолдау көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Президент барлық мемлекеттік басқару жүйесіне үлкен сынақ болған COVID-19 пандемиясы кезінде полиция қызметкерлерінің ерекше еңбегін атап өтті.

"Қазіргі жағдайда дәрігерлермен қатар майданның алғы шебінде полиция қызметкерлері де жүр. Өйткені азаматтардың қауіпсіздігі ғана емес, олардың денсаулығы мен берекелі өмірі сіздердің жұмыстарыңызға тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгідей күрделі жағдайда мемлекет індетке қарсы тұрғандардың барлығын қолдайды", - деді Тоқаев.

Ол өзінің тапсырмасы бойынша пандемияның бірінші кезеңінде карантин шараларын қамтамасыз етуге қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге 6,6 миллиард теңге бөлінгенін айтты. Жыл соңына дейін тағы да 11,5 миллиард теңге беріледі.

Кілт сөздер:
жалақы, полицей, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып