Қоғам

Қандай азық-түлік қартаюды баяулатады - дәрігер кеңес берді

© Sputnik / Анатолий УстиненкоМеждународный фестиваль "Улы дала рухы " в Алматы
Международный фестиваль Улы дала рухы  в Алматы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дәрігер ағзаның қартаю процесін баяулататын, сондай-ақ, керісінше ерте қартаюға әсер ететін тағам түрлерін атады

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан - Sputnik. Тамақтану адам ағзасын қалыпты деңгейде ұстап тұруда маңызды рөл атқарады және керісінше, оның ерте қартаюына да әсер етуі мүмкін. Еуропалық ұзақ өмір сүру университетінің ректоры, дәрігер Юлия Юсипова пайдалы өнімдердің тізімін жасап шықты, деп хабарлайды "Комсомольская правда" газеті.

"Біз ұзақ өмір сүрудің жолдарын барынша белсенді етіп, сондай-ақ, қартаюға апаратын жолдарға бөгет бола аламыз, яғни генетикалық шеңберді өзгерте аламыз... Бұл біздің тамақтану кезінде қандай азық-түлікті таңдайтынымызға да байланысты. Бұған қоса, біз өзіміздің физикалық белсенділігімізді жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете аламыз және ерте қартаюдың алдын алатын қарапайым ережелерді сақтау арқылы жас ұлғайған сайын адам бойында байқалатын ауру түрлеріне қарсы тұра аламыз", - дейді Юлия Юсипова.

Адам ағзасын "жасартуға" ықпал ететін өнімдер тізімі: жапырақты көкөніс, жануарлар ақуызы, жаңғақ пен тұқым, түрлі шөп, дәмдеуіштер, жеміс-жидектер, бұршақ және дәнді дақылдар, жарма.

Денсаулыққа пайдалы өнімдерді химиялық тыңайтқыштар мейлінше қолданылмайтын жерлерде өсіру қажет. Тағамға тазартылмаған өсімдік майын қолданған жөн.

Ет өнімдеріне келер болсақ, шөпқоректі, гормондар мен антибиотиктерсіз өсірілген, әсіресе, жабайы табиғатта ұсталған жануарлардың етін пайдаланған анағұрлым пайдалы.

Оқи отырыңыз: Жеуге болмайды – ғалымдар миды зақымдайтын тағамды атады

Тағам мәзірінен алып тастайтын немесе мейлінше азайтылуы қажет азық-түлік өнімдері: күйген тағам, қант, жасанды тәттілендіргіштер, фолий қышқылымен байытылған тағамдар, консервіленген өнімдер.

Пластик ыдыста сақталған немесе ысытылған тағам денсаулыққа зиян.

Жаңалықтар
0