Қоғам

ПТР тестке қатысты талап өзгерді: ұшақпен қатынайтын жолаушылар нені білуі тиіс

© Photo : Аэропорт Алматы/Елена СергиенкоПассажиры в масках на борту самолета
Пассажиры в масках на борту самолета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Анықтамасы жоқ жолаушыны ұшаққа отырғызбау жөніндегі талап, тек шетелдік азаматтарға ғана қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан – Sputnik. Енді шетелде жүрген Қазақстан азаматтарында ПТР тест анықтамасы болмаса да, ұшақпен елге келе алады, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

"Алайда, анықтамасыз Қазақстанға келген отандастарымыз ПТР тест нәтижесін алғанға дейін карантинге жатқызылатын болады", – делінген ведомствоаралық комиссия хабарламасында.

Сол сияқты Қазақстанның ішкі рейстерімен қатынау кезінде ПТР сынағының нәтижесі талап етілмейді.

"Анықтамасы жоқ жолаушыны ұшаққа отырғызбау жөніндегі талап, тек шетелдік азаматтарға ғана қатысты", – деп атап көрсетілген ақпаратта.

Айта кетейік, 26 қазаннан бастап ПТР сынағының нәтижесі жоқ жолаушыларды, оның ішінде қазақстандықтарды да ұшақ бортына отырғызуға тыйым салынғаны хабарланған.

Оқи отырыңыз: "Қашып кетпек болды": Шетелден оралған 22 жолаушы ПТР тест тапсырудан бас тартты

Сондай-ақ, бұған дейін көліктегі мемлекеттік бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов коронавирус жоқтығы туралы анықтамасыз жолаушыларды ұшаққа отырғызғаны үшін әуекомпанияларына әкімшілік жауапкершілік енгізу қажеттігі туралы айтқан болатын.

Жаңалықтар
0