Қоғам

Бекшин Алматыдағы кинотеатрлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді

© AFP 2024 / PRAKASH SINGHСотрудник кинотеатра проводит дезинфекцию в зрительном зале
Сотрудник кинотеатра проводит дезинфекцию в зрительном зале  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, көрермендер залда шахмат тақтасы тәртібімен отыратын болады

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 26 қазаннан бастап қаладағы кинотеатрлар жұмысына рұқсат берілгенін мәлімдеп, олардың жұмыс істеу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, кинотеатрлардың жұмысына бүгіннен бастап рұқсат берілді.

"22 қазанда аурушаңдықтың өршуіне байланысты мониторинг жасап, үш күн бойы ахуалды қарап отырдық. Еліміздегі бас санитар дәрігердің қаулысында арнайы көрсеткіштер бар. Соны жан-жақтан қарап, ахуалды ескере отырып, бүгін рұқсат беріп жатырмыз", – деді Бекшин.

Айтуынша, кинотеатрлар жұмысы реттеледі. Залдағы орындықтың 30%-і ғана толтырылады. Бір кинотеатрға келетін көрермен саны 50 адамнан аспайды.

"Көрермендер залда шахмат тақтасы тәртібімен отырып, арақашықтықты сақтауға ден қояды. Осындай талаптар орындалса, кинотеатрлар жұмыс істейді. Ал егер ереже бұзу анықталса, қатаң іс-шара жүргізіледі", – деді қаланың бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталып жатқанын айтты.

"Қаладағы эпидемологиялық жағдай тұрақты деп айтуға болады, бірақ осы аптада аурушаңдық деңгейі әртүрлі болды. Қазанда бірінші аптада қалада 3-4 адамның инфекция жұқтырғаны анықталды. Ал өткен аптада коронавирус жұқтырғандар саны тәулігіне 15-20 адамға дейін өсті. Қазіргі кезде өсім – 0,1%, инфекцияның таралу индексі – 1,88", – деді Бекшин.

Оқи отырыңыз: Қуаныш пен қобалжу: Алматыда ұзақ үзілістен кейін театрлар қайта ашылды – видео

Айта кетейік, пандемия басталғалы қалада 14 622 адам инфекция жұқтырды. Бірінші тамыздан бастап 998 адамға пневмония диагнозы қойылды.

Жаңалықтар
0