Қоғам

Нұр-Сұлтанға келген 100-ден астам жолаушы карантинге жіберілді

© Sputnik / Абзал КалиевАэропорт Нурсултан Назарбаев
Аэропорт Нурсултан Назарбаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түнде Нұр-Сұлтан әуежайына шетелден алты ұшақ қонды. 108 жолаушының өзімен бірге ПТР-тест өткені туралы анықтамасы болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан — Sputnik. Қазанның 25-нен 26-на қараған түні шетелден астана әуежайына келген 108 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Оларның ПтР-тесті болмаған, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.

Әуежайға түнде барлығы 6 ұшақ қонды. Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуе компанияларының рейстері.

"722 жолаушының 108-інде ПТР анықтама болмады. Сондықтан стационарлық карантинге жіберілді. Тест тапсырған соң үйлеріне кете алады. Алайда вирус жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға барады", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, 2020 жылдың 26 қазанында Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Құжатта мемлекеттік шекара өткізу бекеттерінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды күшейту қарастырылған.

Оған сәйкес, жолаушылар ПТР-тест өткені туралы анықтама көрсетуі тиіс. Оның қорытындысы шыққанына 3 тәуліктен аспауы керек. 5 жасқа дейінгі балаларға міндетті емес.

Халықаралық транзиттік жолаушыларға транзиттік аймақтан шығуға тыйым салынған.

Қазақстан азаматтары және елде тұру ықтиярхаты барлар анықтама болмаған жағдайда екі күнге карантиндік стационарға жіберіледі. Кейін тест қорытындысына сәйкес шешім қабылданады.

Жаңалықтар
0