Қоғам

Қазақстанда бір қала мен екі өңірде карантин күшейтілді – не өзгерді

© REUTERS / SERGIO PEREZМедик в защитном костюме обрабатывает руки антисептиком
Медик в защитном костюме обрабатывает руки антисептиком  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірлердің мемлекеттік бас санитар дәрігерлері қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жаңа қаулыларды жария етті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан – Sputnik. Шымкент қаласы мен Ақмола және Қарағанды ​​облысында мемлекеттік бас санитар дәрігер бұйрықтары жарияланды.

Шымкентте карантин мерзімі ұзартылды

Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік шектеулерді 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Ақмола облысында түнде көшеде жүруге болмайды

Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина 23:00-ден 6:00-ге дейінгі аралықта облыс аумағындағы елді-мекен тұрғындарының қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарды.

Жаңа қаулыдағы бұл ерекшеліктер әкімдік пен полиция, жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметі, ауруханалар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, өрт сөндіру, әскери қызметшілер, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жұмысшыларға қатысты емес.

Ал қаулының толық мәтінін мына сілтемеден таба аласыз.

Қарағанды ​​облысында демалыс күндері қандай нысандар жұмыс істейді 

Қарағанды ​​облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгиннің жаңа қаулысымен қаладағы сауда үйлері мен сауда орталықтарына демалыс күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Сондай-ақ, жалпы сыйымдылықтың 30%-тен артық мөлшерде адамдардың  шоғырлануына жол берілмейді.

Оқи отырыңыз: Алматыда карантин күшейтіле ме – бас санитар дәрігердің жауабы

Сонымен қатар, сенбі күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмыс істеуіне де рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден көруге болады.

Жаңалықтар
0