Қоғам

"СК-Фармацияның" басшысы қанша жалақы алатынын айтты

© Photo : служба центральных коммуникацийЕрхат Искалиев
Ерхат Искалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орта есеппен алғанда Ерхат Есқалиевтің айлық табысы облыс әкімдеріне қарағанда екі есе көп болып шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан – Sputnik. "СК-Фармация" компаниясының басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев "Хабар 24" телеарнасына берген сұқбатында өзінің қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сұқбат барысында белгілі болғандай, Ерхат Есқалиевтің айлық жалақысы 1 миллион 300 мың теңгені құрайды. Ал оның орынбасары 900 мың теңге алады.

Айта кетейік, телеарна тілшісімен өрбіткен әңгіме барысында Есқалиев коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы айтып, қоймаларда дәрі-дәрмектің екі айлық қоры жинақталғанын атап өтті.

Оның мәлімдеуінше, егер індет өрши түскен жағдайда әзірленген дәрі-дәрмек қоры 60 мыңға жуық науқасты емдеуге жеткілікті болады. Бүгінде препараттардың басым бөлігі қоймаларға жеткізілген.

Оқи отырыңыз: Атырауда "СК-Фармация" қоймасында дәрі-дәрмек қоры жоқ болып шықты

Жаңалықтар
0