16:38 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Мәжіліс сайлауы (41)
123 0 0

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталады

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы бірлескен сайлауда дауыс беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Комиссия мүшесі Константин Петровтың айтуынша, алдағы сайлауда 3 276 депутат 216 мәслихатқа сайланады. Соның ішінде республикалық маңызы бар қалалар мен астананың мәслихаттары (589 мандат), 36 облыстық мәслихаттар (596) және 163 аудандық мәслихаттар (2 091 мандат) бар. Бұдан бөлек, мәжіліс депутаттары да партиялық тізім бойынша сайланады. 

"Сайлау кезінде бөлек бір мандат үшін емес, саяси партиялардың күресі болады. Олар өз кандидаттарын партиялық тізіммен ұсынады. Бірлескен сайлауда республикалық маңызы бар қалаларда және астанада сайлаушыларға бірден екі бюллетень беріледі. Біреуі мәжіліске партиялық тізім бойынша сайланатын депутат таңдауға арналса, екіншісі мәслихатқа өтетін нақты бір партияға дауыс беруге арналған", - деді Петров ОСК-да өткен онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, басқа қалалар мен аудандарда дауыс беретін азаматтарға үш бюллетень беріледі.  

"Біреуі – мәжіліс, екіншісі – облыстық мәслихат, ал үшінші бюллетень қалалық немесе аудандық мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен таңдауға арналған. Осылайша, үш бюллетень бөлек саналып, нәтижесі де бөлек шығарылады", - деп атап көрсетті Петров. 

Мәжіліс пен мәслихат сайлауы

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 10 қарашада басталып, 30 қараша күні кешкі сағат 18:00-де аяқталады. Үміткерлерге қойылатын талаптар конституциялық заңда көрсетілген. Олар:

  • Қазақстан азаматтығы;
  • Қазақстан аумағында соңғы 10 жыл тұру;
  • 25 жасқа толу;
  • сайлау құқығының болуы.

Сайлаудың жарнасы 679 500 теңгені құрайды. Оны партиялық тізімге енген әрбір адам үшін төлеу керек. Ал бұған дейінгі сайлауда 7 проценттік межеден асқан партиялар – Nur Otan, Ақ жол мен Қазақстан коммунистері партиясы жарна төлемейді.

10 желтоқсан күні кешкі сағат 18:01-де сайлауалды үгіт-насихат басталады да, 2021 жылы 9 қаңтарда түнгі сағат 00:00-де аяқталады. Сол күн тыныштық күні болады. Ал 10 қаңтарда дауыс беру таңғы сағат 7:00-де басталып, кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Дауыстарды 12 сағаттың ішінде санап шығу қажет. 

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру аяқталғаннан кейін жеті күннің ішінде сайлаудың нәтижесін жариялайды.

Тақырып:
Мәжіліс сайлауы (41)

Тақырып бойынша

Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
Мәжіліс пен мәслихат сайлауына жұмсалатын қаржы көлемі жарияланды 
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын нақты істермен қарсы алуымыз керек – Тоқаев
Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді – ОСК себебін айтты 
Мәжіліс сайлауына қатысуға кім дайын - саяси партиялар жауап берді
Кілт сөздер:
сайлау, мәслихат, Мәжіліс
Загрузка...

Басты тақырып