Қоғам

Мемлекет басшысы экология министрін қабылдады

© SputnikРека Селета
Река Селета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент экологиялық кодекс маңыздылығы қоғамды табиғатты аялауға шақыру және ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемін азайтумен байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрін қабылдады. Ведомство басшысы биыл 9 айда атқарылған жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде есеп берді.

Мағзұм Мырзағалиев экология кодексінің мәжілісте қаралып жатқаны туралы егжей-тегжейлі баяндады. Мемлекет басшысы аталған құжатқа оң баға беріп, еліміздегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған жаңалықтарды атап өтті. Президенттің пікірінше, бұл құжаттың айрықша маңыздылығы қоғамды табиғатты аялауға шақыру және ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемін азайтуға байланысты.   

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі президентке биылғы вегетациялық кезеңнің өтуі және су ресурстарының жағдайы туралы мәлімет берді. Оның айтуынша, биыл су деңгейінің төмен болуына және су тапшылығы қаупіне қарамастан вегетациялық кезең салыстырмалы түрде тұрақты өтті.

Сонымен қатар су саласын цифрландыру жайы сөз болды. Мырзағалиев Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су арнасын цифрландырудың пилоттық жобасының аяқталғаны туралы айтты. Бұл су шығынын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік берді. Осы ретте, президент суды тиімді пайдалану қажеттігіне назар аударды.

Қазіргі уақытта балық шаруашылығының жағдайы және осы бағытты дамытудың салалық бағдарламасының әзірленіп жатыр. Министрдің айтуынша, Қазақстан су қоймаларының әлеуеті балық өсіру көлемін жылына 7,5 мың тоннадан 600 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл балық экспортын 300 мың тоннаға дейін ұлғайтуға ықпал етеді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мырзағалиевке бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Жаңалықтар
0