04:54 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1406 0 0

Бала сатып ақша тапқысы келген 27 жастағы әйелдің мұндай ниетінен туыстары мүлдем хабарсыз болған

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Шымкентте бір жасар баласын сатып жатқан кезде ұсталған әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

1993 жылы туылған әйел биылғы қаңтар айында қылмыс үстінде ұсталған болатын. Кейіннен, жүргізілген алдын ала тергеу барысында күдікті кінәсін толық мойындап, өзінің өкінішін білдірген. 

Үй қамауына алынған әйелге қатысты қылмыстық іс бойынша жиналған құжаттар айыптау қорытындысымен 20 наурызда сотқа жіберілді.

"Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 27 жастағы әйелді Қылмыстық кодекстің 135-бабы, 2-бөлігі, 12-тармағымен (кәмелетке толмағандарды сату) кінәлі деп танып, алты жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, полицейлер әйелдің бес баласы барын және оның бірнеше жыл бұрын ажырасқанын анықтаған. Еш жерде жұмыс істемеген ол ақша болмағандықтан, баланы сатуға шешім қабылдапты. Ал туыстары оның мұндай ниетінен мүлдем хабарсыз болған.

Оқи отырыңыз: "Бір баланың құны – 2 млн теңге": желідегі сұмдық хабарландыруға қатысты мән-жай анықталды 

Қазіргі уақытта балалар әкесінің қолына тапсырылды.

Тақырып бойынша

Несиеге бола сәбиін сатқысы келетін әйел халықты ашуландырды - видео
Шарасыз ана күнкөріс үшін 6 жасар қызын кәрі адамға сатып жіберді
Астанада кәсіпкер көпбалалы отбасыға 24 миллион теңгенің пәтерін сыйға тартты
Енді есірткі сатқандар мен педофилдер өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін
Министрлік өкілі Қазақстанда қанша жасөспірім бас бостандығынан айырылғанын айтты
Кілт сөздер:
Шымкент, сот үкімі, бала сату
Загрузка...

Басты тақырып