Қоғам

Блок бекеттегі апат: Алматыда бұрынғы полицейге сот үкімі шықты

© Sputnik / Тимур БатыршинВ Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте
В Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыстық іс бір айдан астам уақыт қаралды. Прокурор айыпталушы Азаматовты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Сот осы талапты қанағаттандырды

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Алматы облысының Қарасай аудандық соты блок бекеттегі жол апатына қатысты үкім шығарды. Қылмыстық іс судья Мәди Көшікбаевтың төрағалығымен қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Осы іс бойынша полицияның бұрынғы қызметкері Азат Азаматов Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша жауапқа тартылған болатын. Прокурор оны 10 жылға бас бостандығынан айыруды талап етті. Бүгін сот өз үкімін шығарды.   

"Тергеу сотталушының кінәсін дәлелдеді. 1994 жылы туған Қазақстан азаматы Азат Азаматовты орташа қауіпсіздіктегі колонияға 10 жылға жіберуге шешім қабылданды", - деді судья Көшікбаев.

Бұдан бөлек, Азаматов қаза болған полицейлердің туған-туыстарына өтемақы төлеп беруі тиіс. Оның мөлшері аз емес.

Бұған дейін сотталушы өз кінәсін мойындап, жасаған әрекеті үшін өкінетінін, сондай-ақ, қайғылы оқиға болған күні не істегенін айтып берді.

"24 мамырда жолдас балалар Көксай кентіне шақырды. Сол жерде көлікте отырып, сыра іштік. Бұрынғы үш әріптесім болды. Олар да жол полициясында жұмыс істеген. Басқасы есімде жоқ. Ауруханада ғана есімді жидым. Апат кезінде не болғанын білмеймін", - деді Азаматов.

Бүгін сотталушының өзі отырыста болған жоқ. Себебі изолятор карантинге жабылды. Сыртқа шығуға рұқсат жоқ.

Ал қайтыс болған полицейлердің туыстары сот үкімімен келіспейтінін жеткізді.

"Оны өмір бойына бас бостандығынан айырса да, аз болады. Біз аппеляцияға беру жағын әлі ойластырған жоқпыз", - дейді Дастан Әбдіқановтың жұбайы.

Оқи отырыңыз: Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты

Оның айтуынша, сотталушының туған-туыстарының бірде-бірі кешірім сұрамаған.

"Оларда біздің нөміріміз бар. Біреуі де хабарласып, кешірім сұрамады. Сот отырыстары кезінде амандасқан да жоқ. Әділетсіз шешім болды", - деді ол.

Алматы блок бекетіндегі жол апаты

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы №4 блок бекетте BMW көлігін тізгіндеген жүргізуші бетон қоршауына соғылған болатын.

BMW патрульдік көлікке қарай ұшып түскен, оның ішінде екі полиция қызметкері отырған.

42 жастағы тәртіп сақшысы Жарас Жанғазиев жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Алматы полициясының тағы бір қызметкері – есірткімен күрес жөніндегі бөлім маманы Ербұлан Сейдазым ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді. 

Жаңалықтар
0