Қоғам

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделене түсті – Бекшин

© Sputnik / Тимур БатыршинВиды Алматы осенью с высоты птичьего полета
Виды Алматы осенью с высоты птичьего полета  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір инфекцияның таралу индексі – 1,06, бұл көрсеткіш 1-ден өссе, індеттің таралуы көбейгенін білдіреді, деді қаланың бас санитар дәрігері

АЛМАТЫ, 16 қазан – Sputnik. Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда қазанда коронавирус инфекциясына байланысты эпидемиологиялық жағдай қыркүйекпен салыстырғанда күрделене түсті. Жекелеген жағдайларда өсім байқалады. 19 қазанда қалада 12 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның ішінде екі жағдай – жергілікті, екі науқас Мысырдан келген турист. Сонымен қатар бір тәулікте төрт адамға пневмония диагнозы қойылды", - деді Бекшин.

Айтуынша, қазір қалада инфекцияның таралуының  тәуліктегі өсімі – 0,05%.

Инфекцияның таралу индексі – 1,06. Бұл индекс 1-ден өссе, індеттің таралуы көбейгенін білдіреді, деді қаланың бас санитар дәрігері.

Сонымен қатар Жандарбек Бекшин ЖРВИ анықталған жағдайда өз бетінше емделуден аулақ болуға шақырды. Оның орнына дәрігерді үйге шақыру қажет екенін еске салды.  Сондай-ақ, Бекшин қыркүйекте эпидемиологиялық жағдай тұрақты болған кезде бейбіт митинг өткізуге рұқсат берілгенін, алайда қазір оған тыйым салу қарастырылып жатқанын айтты.

"Бір ай бойы митинг өткізуге тыйым болған жоқ. Ол уақытта ауру көрсеткіші төмен болды. Қазір көтерілу басталды. Бұл мәселеге қазір назар аударып, тыйым салуды қарастырып отырмыз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Айта кетейік, Алматыда коронавирус пандемиясы басталғаннан бері 14 539 адамнан инфекция табылды. Бірінші тамыздан бастап 974 адамға пневмония диагнозы қойылды.

Жаңалықтар
0